Главная » 2016 » Февраль » 11 » Менің туған жерім-Қазақстан
17:58
Менің туған жерім-Қазақстан

Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба
жолымен алдық деп ойлаймын
Н.Ә. Назарбаев

Менің туған жерім- Қазақстан Республикасы. Бұл бай тарихты, көне мәдениетпен және ерекше табиғаты бар тәуелсіз мемлекет. Қазақтың елі мен жері ұлан байтақ.Жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша тоғызыншы орында екені бәрімізге мәлім.Пайдалы қазбалары да көп, бүгінгі күнде дамыған, әлемге әйгілі мемлекет.

Міне, еліміздің Тәуелсіз мемлекет атанғанына жыл толып отыр.Осы кезге дейін көптеген жетістіктерге жетіп, қазақ елін көркейтіп, дүние жүзіне таныта білдік. Бұл- үлкен жетістік. Әрине, бұның барлығы елбасымыз Нұрсұлтан атамыздың арқасында. Әрине, бұл күн бізге оңайлықпен келген жоқ. Осы азат күніміз үшін ата- бабамыздың, аға- әпкелеріміздің қаншама көз жастары төгілді, қиыншылықтар болды. Бұл бостандықты, тәуелсіздікті халқымыз бұрыннан тілеген. Біздің халқымыз осы тәуелсіздікке қол жеткізу үшін аштықты да бастан кешірді, жоңғарлар сияқты жаулармен де соғысты, Ұлы Отан соғысын да бастан кешірді, сол соғыста қаншама аталарымыз еліміз үшңн қан төкті, тәуелсіздік жолында Қайрат, Ләззат, Сәбира сынды аға- әпкелеріміз ерлік көрсетті.Осы аға- әпкелеріміздің арқасында 1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіз күні болып жарияланды. Осы жылы 1желтоқсан күні Президентіміз сайланды.

Ата- бабамыз сан ғасырлар армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін қазақ халқының басын біріктіріп, ел қылуға, аяғынан нық тұруға Елбасымыздың еңбегі зор. Ол кісі біздің тұңғыш Президентіміз. Атамыздың арқасында еліміз әлемге танылды. Еліміз көркейіп, Қазақстанды бүкіл дүние жүзі таныды.

Міне, бүгінгі күнде еліміз бақытты күн кешуде. «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дегендей, Отан үшін өмірін қиған аға- әпкелеріміз бен ата-апаларымыздың есімдері, әрқашан халықтың жүрегінде сақталады. Мен Отанымды жақсы көремін. Мұқағали атамыз айтқандай Отан- біздің бақытымыз, біз Отанның болашағымыз. Елімізді одан әрі көркейтетін мына біз боламыз. Мен мектеп оқушысымын, теледидардан Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз айтқандай, елдің болашағының көркейіп, гүлденіп одан әрі дамып, өркендеуі біздің қолымызда. Яғни, еліміздің болашағы мына біздер, бүгінгі бүлдіршіндер мен жас ұрпақтар. Елімізді әлемге танытып, Нұрсұлтан атамыздың жолдауындағы жұмыстарды атқару үшін, жақсы білім алып, тәрбиелі болып өсуіміз керек. Әрбір баланың алдына қойған мақсаты, арманы болады. Менің алдыма қойған мақсатым мектептен жақсы білім алып, елімнің өркендеуіне үлесімді қосу.Біздің тәуелсіздік еліміздің мүмкіндіктері мен болашағы өте зор. Менің ойымша, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекетінің тілін білу, барлық халықтардың дәстүрлерін құрметтеу, өз Отанына пайдасын тигізуге міндетті.






Категория: Школьное эссе или очерк | Просмотров: 2254 | Добавил: Мухтаровна | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]